Жетісу облысының орталығында -1…-3°С дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.
22 қазанда ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto.com
2,914
оқылды

Қазгидромет 22 қазан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумайды. Тек республиканың батысында Солтүстік-батыс циклонының ойысы әсерінен кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында аздаған жаңбыр жауады. Сондай-ақ ел аумағында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, ал батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста жел күшеюі ықтимал.

Түнде солтүстікте және Жетісу облысының орталығында -1…-3°С дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында), Жамбыл (батыс және солтүстік аудандарында), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде), Алматы (солтүстік аймақтарында), Қостанай (оңтүстігінде), сондай-ақ Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.