Былтыр машина жасау саласына 290 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылғанын атап өтті.
Қостанайдағы KIA Qazaqstan автомобиль зауытында 1,5 мың жұмыс орны ашылады
327
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің машина жасау саласына баса мән беретінін жеткізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы былтыр осы салаға 290 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылғанын атап өтті. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда екі жарым есе көп.

Осы үрдіс биыл да жалғасуда. Жыл басынан бері осы салаға 178 миллиард теңге қаражат салынды. Инвесторлар Қазақстанға зор қызығушылық танытып отыр. Ауқымды шаралардың нәтижесінде бұл бағытта бірқатар табысқа қол жеткіздік. Өткен жылы елімізде 145 мыңнан астам көлік шығарылды. Астана, Алматы, Семей, Орал, Көкшетау, Қостанай және Саран қалаларында автокөлік өндірісіне қатысты кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. 10 мыңнан астам азаматымыз осы салада еңбек етеді. Оның жартысына жуығы – жастар. Ал Қостанайдағы зауытта 1,5 мың адам жұмыс істейтін болады. Жұмысшылар жаңа дағдыларды игеріп, білікті маман ретінде қалыптасады. Алдағы уақытта кәсіпорын инженерлердің нағыз шеберханасы болады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.