Жаңа қоныстағы алғашқы қонақтар – Баян және Тұрсын Алагөзовтер, сондай-ақ танымал дизайнер Аида Қауменова болды.
Динара Сәтжан өзінің зәулім жаңа үйін достарына көрсетті
3,224
оқылды

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге жаңа үйін достарына көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңа қоныстағы алғашқы қонақтар – Баян және Тұрсын Алагөзовтер, сондай-ақ танымал дизайнер Аида Қауменова болды. Ерлі-зайыптылар қонақтарына үйдің ішкі дизайнын және ауласын көрсетіп, ерекше қонақжайлылық танытқан.

“Достар – ең үлкен байлық! Жаныңда ақылды, қызықты адамдардың болуы – үлкен бақыт. Осындай жандармен бірге өсесің, күлесің және ең бастысы — өзің болып қала аласың”, – деп жазды Динара Сәтжан өз Instagram парақшасында.

Тележүргізуші оқырмандарына қонақтарды қарсы алуға қалай дайындалғанын да көрсетті.

Желі қолданушылары бұл көрініске тәнті болып, жылы пікірлерін қалдырды:

“Баян мен Тұрсын сондай жарасымды жұп, 50-де емес, 37 жастағыдай көрінеді!”
“Динара, шаңырағыңыз берекеге толы болсын!”
“Жаңа үйіңіз тек қуанышқа толы болсын!”
“Осындай әдемі үйлер елімізде көбейе берсін!”