Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжілісте республикалық бюджет жобасы қаралады
1,272
оқылды

Депутаттардың қарауына 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобалары енгізіледі. Заң жоба­лары Бюджет кодексінің талаптарына сәй­кес, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 2026-2028 жылдарға арналған бюджет параметрлері және Пре­зиденттің тапсырмалары негізінде әзір­ленді.

Жұмысқа бірқатар жаңа заң жобасын қабылдау ұсынылады. Олардың қатарында атқарушылық іс жүргізуді және қылмыс­тық заңнаманы жетілдіруге бағытталған түзетулер, сондай-ақ 2021 жылғы 16 ақпандағы Еу­разиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талап­тарының сақталуына мемлекеттік бақы­лауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағи­даттары мен тәсілдері туралы келісімге енгізілген өзгерістер бар. Бұл құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заң­нама­сын үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабының және 56-ба­бының өзгеруіне қатысты хаттаманы рати­фикациялау ұсынылған. 

Бюро отырысында Парламентаризм институтының Үшінші сессия барысында VIII сайланған Парламент Мәжілісімен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспардың орындалуы туралы, сондай-ақ Төртінші сессияға арналған жұмыс жоспары туралы ақпараты тыңдалды.