Жақында Төрем концерттік турмен елімізді араламақ.
«Табысының 10 пайызын аударады»: мүгедектігі бар балаларға көмектеседі
654
оқылды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқынмен бірге мүгедектігі бар балаларға көмектеседі, деп хабарлайды Аikyn.kz.

Бұл туралы журналист Айгүл Мүкей өзінің Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, әнші мүгедектігі бар қызы Кәсуардың құрметіне қор ашты. 

«Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған қорға аударуға шешім қабылдады. Жаңа қордың атауы – «Кәусар». Бұл қордың басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалардың емделуіне, дамуына және қоғамға бейімделуіне көмек көрсету. Қордың жұмысын Төреғалидың жары Толқын басқарады», – деп жазды журналист Айгүл Мүкей.

Сондай-ақ әншінің жұбайы Толқын да видеоүндеу жасады. 

“Тұңғышымыз Кәусар церебрал сал ауруы болып туды. Ол өмірді басқаша әрі терең түсініп сүреді. Осыған орай отбасылық “Кәусар” қайырымдылық қорын құрдық. Ерекше балалары бар отбасыларға көмектескіміз келеді. Жақында Төрем концерттік турмен елімізді аралайды. Өзім де сонымен баруға ниеттеніп отырмын. Концерттен түскен ақшаның 10 пайызы қордың есепшотына аударылады”, – деді Толқын Тұрарбекқызы. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aigul Mukei (@aigulmukei)

Айта кетейік, кеше ғана Төреғали Төреәлі 33 жасқа толған мерейтойын отбасы мен достарының ортасында атап өткен. Әнші қуанышты сәттен бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялап, жылы лебізін білдірген. Мерекелік кешке әншінің бірқатар әріптестері де қатысқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Төреғали   Төреәлі (@toregalitoreali)