"AMANAT" партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Әбутәліп Мүтәлі — «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.