Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант-тестке белсенді түрде қатысуда.
Алматыда студенттер Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант жазды
1,544
оқылды

Аталған шара азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен, «Халық Банк» АҚ және «Қарызсыз қоғам» қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде.

Диктанттың мақсаты – азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудың алдын алу, сондай-ақ олардың қаржылық қауіпсіздік қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру. Қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, диктанттан өткендігі туралы сертификат алуға мүмкіндік алады.

2025 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша, диктантқа Алматы қаласының 6 мыңнан астам тұрғыны, соның ішінде жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Осындай іс-шаралар «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыруға және жастар арасында жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.