8-10 қазан күндері Мексикада Димаш Құдайбергеннің концерттері аншлагпен өткен.
Димаш Құдайберген Латын Америкасында ерекше рәсімге қатысты
Фото: gov.kz
395
оқылды

Әлемге әйгілі эстрада орындаушысы Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасының Мехикодағы Елшілігінде болып, қазақстандық диаспора өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әншінің Мексикадағы концерті 25 мыңнан астам көрермен жинап, Латын Америкасындағы жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды. Тур барысында Қазақстан Республикасының ізгі ниет Елшісі ретінде әртіс өңірдегі еліміздің мәдениеті мен тарихын белсенді түрде насихаттады, – делінген Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.

Қазақ дәстүрі мен мәдениетін ілгерілету аясында Елші Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойнап, сондай-ақ бір жасар қазақстандық Халид Йылдыздың «тұсаукесер» рәсімі кезінде оған батасын берді.

Сонымен қатар БҰҰ жанындағы Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет Елшісі ретіндегі миссиясы аясында Димаш Құдайберген соғыстардың жойқын салдары туралы тоқтала келе, бейбітшілікке, өзара түсіністікке және қақтығыстардың алдын алу және тұрақтылықты ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігер біріктіруге шақырды.

Жанкүйерлер әншіге, оның отбасы мен командасына терең ризашылықтарын білдіріп, көптеген кәдесыйлар мен тәттілер сыйлаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.