«AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Тұран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Отырар шағын ауданының тұрғындары тарапынан №9 үйдің аумағындағы фут­бол алаңшасына апаратын жолда пай­да болған шұңқырлар туралы өтініш түс­ті. Тұрғындардың айтуынша, шұңқырлар көлік қозғалысына және балалардың қауіпсіз жүріп-тұруына айтарлықтай қолайсыздық тудырып отырған.
Халық үніне құлақ асу – басты міндет
1,785
оқылды

Азаматтардың өтінішін мұ­қият тыңдаған Тұран аудандық партия фи­лиалының атқарушы хатшысы Есім­хан Қалмаханұлы мәселені назарға алып, оны шешу мақ­сатында тиісті шара­лар қабылда­натынын және Тұ­ран ауданы әкім­дігімен бірлесіп бақылауға алына­тынын жет­кізді.

Партияның басты қағидаты – «Халық үніне құлақ асатын мемле­кет» қағидасын жүзеге асыру және азамат­тардың өтін­іштеріне дер кезінде жауап беру болғандықтан, аталған мәселе назардан тыс қалмады.

Нәтижесінде, Тұран ауданы әкім­дігі мен «Тұран» КММ абаттан­ды­рыл­ған нысандарды күтіп ұстау бөлімі бір­лесе отырып, көрсетілген мекен­жайға мамандарды жіберді. Тексеру жұ­мыстары жүргізіліп, жол­дағы шұң­қыр­лар тегістеліп, жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылды.

Бүгінде тұрғындар тарапынан айт­ылған мәселе шеші­мін тауып, футбол алаңшасына апаратын жол ретке кел­тір­ілді. Жергілікті тұрғындар өз өтін­ішінің жылдам орын­далғанына риза­шылықтарын білдіріп, партия өкіл­деріне алғыс айтты.

«AMANAT» партиясы тұр­ғын­дар­­дың әрбір өтінішіне мән беріп, олар­дың өмір сүру жағ­дайын жақ­сартуға ба­ғытталған мәселелердің шешілуіне атсалы­суды жалғастыра береді.

Елнар ЕЛТАЙ