Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Қазақстанның үш елдегі елшісін жаңадан тағайындады
367
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словения, Босния және Герцеговина, Черногория, сондай-ақ Тунис елдеріндегі елшілерді тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.