Air Astana бас директоры қызметінен кететін болды

Компания басшылығының мәліметінше, Питер Фостер қызметінен кеткен соң да аға кеңесші ретінде Air Astana-да жұмысын жалғастырады.

Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас директоры Питер Фостердің 2026 жылдың наурыз айында өз қызметінен және директорлар кеңесінің құрамынан кететінін мәлімдеді,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz Еуразия Бірінші Арнасына сілтеме жасап.

Ал жаңа қызметке Ибрахим Жанлыел тағайындалмақ. Қазіргі уақытта ол Air Astana компаниясының қаржы директоры қызметін атқарады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.