Бағдарлама тек алғашқы нарықтағы пәтерлерге арналған, яғни банк серіктес құрылыс компанияларымен келісім бойынша пәтерлер нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.
«3,5 пайызбен береді»: Қазақстанда өте тиімді ипотекалық бағдарлама іске қосылды
11,388
оқылды

«Отбасы банк» Қазақстанның бірнеше қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша пәтер брондау өтінімдерін қабылдауды бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өз үйім» – «Отбасы банкінің» жеке ипотекалық бағдарламасы. Оның пайыздық мөлшерлемесі 3,5%-дан басталады. Бағдарлама тек алғашқы нарықтағы пәтерлерге арналған, яғни банк серіктес құрылыс компанияларымен келісім бойынша пәтерлер нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.

Қазіргі таңда «Өз үйім» бағдарламасы аясында аралық займдар беріледі. Бұл дегеніміз — несиеге өтінім берген кезде тұрғын үй құнының 50% бастапқы жарнасы болуы қажет.

Бағдарлама шарттары:

  • Бастапқы жарна: тұрғын үй құнының 50%-ы
  • Мөлшерлеме: жылдық 6-7% (ЖТСМ 6,2–9%), кейін 3,5–5%-ға (ЖТСМ 3,6–6,9%) дейін төмендейді
  • Займның ең жоғары сомасы: 100 млн теңге

Қатысу талаптары:

  • Бағдарламаға қатысу үшін «Отбасы банкі» салымшыларының депозитінде кемінде 500 000 теңге болуы тиіс, бұл – өтінім беру үшін қажет ең төменгі сома.
  • Тұрғылықты тіркеу сатып алынатын тұрғын үй орналасқан қалада болуы шарт емес.
  • Меншікке тіркелген өзге тұрғын үйдің болуы да шектеу қоймайды.

Нені сатып алуға болады:

Тек құрылыс компанияларынан алғашқы нарықтағы пәтерлерді (дайын немесе салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен) алуға болады.

Өтінім қабылданып жатқан қалалар мен нысандар:

Ақтөбе

  • ЖК Bereke Park, Шалкииз жырау к-сі, 1Б
    Бағасы – 435 000 тг/ш.м
    Барлығы 13 пәтер: 4 бөлмелі, құны 63,9-77,1 млн тг
  • 5 қабатты үй, мкр. Батыс-2, 5-үй
    Бағасы – 300 000 тг/ш.м
    1 пәтер: 3 бөлмелі, 40,2 млн тг
  • ЖК «Сконур», мкр. Алтын Орда, 19л, корп. 1
    Бағасы – 280 000 тг/ш.м
    6 пәтер: 3 және 4 бөлмелі, 33,9-41,6 млн тг
  • ЖК «Ақ Желкен», мкр. Батыс-2, 21в, корп. 3
    Бағасы – 260 000 тг/ш.м
    1 пәтер: 4 бөлмелі, 38,8 млн тг
  • ЖК «Жібек жолы», мкр. Батыс-2, 19а
    Бағасы – 200 000 тг/ш.м
    3 пәтер: 3 бөлмелі, 19,7-22,5 млн тг

Пәтерді брондау мерзімі — 17 қазанға дейін.

Өскемен

  • ЖК «Золотой квадрат», Қасым Қайсенов к-сі, 55/1
    Бағасы – 550 000-670 000 тг/ш.м
    4 пәтер: 1-4 бөлмелі, 35,2-73,9 млн тг
    Өтінім қабылдау мерзімі — 22 қазанға дейін.

Қарағанды

  • ЖК Orbita, Камали Дүйсембекова к-сі, 34/2
    Бағасы – 345 000 тг/ш.м
    4 пәтер: 1 және 2 бөлмелі, 15,9-33,7 млн тг

Пәтерге бронь бірінші болып өтінім берген азаматқа беріледі. Займ беру туралы шешім 5 жұмыс күні ішінде қабылданады.