Алматылық клубтың қақпашысы Темірлан Анарбеков тарихи матчтың нағыз қаһарманы атанды.
Чемпиондар лигасына жол ашқан қақпашы Темірлан Анарбековке  MacBook-тан кейін кулон сыйлады (видео)
Фото: видеодан скрин
9,509
оқылды

Әлеуметтік желіде «Қайрат» футбол командасының қақпашысы Темірлан Анарбековке кулон сыйлап жатқан видео жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.

Бейнежазбадан белгісіз кәсіпкер футболшыға мойынға тағатын бұйым сыйлап жатқанын байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұлов бас бапкер Рафаэль Уразбахтинге Hyundai Palisade сыйлап, қақпашы Анарбековке небәрі MacBook берген еді.

Еске салсақ, отандық "Қайрат" командасы өз алаңында шотландиялық "Селтикті" жеңіп, бірінші  рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Алматылық клубтың қақпашысы Темірлан Анарбеков бұл тарихи матчтың нағыз қаһарманы еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.