Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға Алматы қаласының әкімі 40 миллион теңге берді

Қала әкімі оларға қомақты ақшалай сыйлық тағайындаған.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының жетекшілігімен қала әкімдігі Ливерпульде өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен қазақстандық боксшы қыздарды және олардың бапкерін салтанатты түрде марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Соның ішінде Алуа Балқыбековаға 40 миллион теңге, ал Назым Қызайбайға 30 миллион теңге, Виктория Грофееваға 20 миллион теңге берген.