Ертең «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчы кезінде Алматыда ауа райы қандай болады?

Ертең көптен күткен "Қайрат" пен "Реал Мадрид" командаларының арасындағы тарихи матч өтпек.

Қазгидрометтің мәліметінше, ертең Алматыда ауа райы күндіз +21, +23 градусты көрсетіп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Күн бұлтты, жаңбыр да жауады. Ал түнде +13, + 15 градус. Ауа райы құбылмалы.

Айта кеткен жөн, ертең көптен күткен "Қайрат" пен "Реал Мадрид" командаларының арасындағы тарихи матч өтпек. Күні кеше ғана «Реал Мадрид» командасы Алматыға келген құрамның тізімін жариялады.