Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді.
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытып, қар жауады
Фото: iStock
7,306
оқылды

Күздің жылы күндерінен кейін солтүстік өңірлердің тұрғындары қыстың лебін сезінді – түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерге дейін төмендеп, кейбір аудандарда жаңбыр қарға ұласты, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" ақпаратына сілтеме жасап.

Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырып, енді ауа райының нашарлауы оңтүстік өңірлерде де күтіледі. Осылайша, 1 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін) болжанады. Сондай-ақ  1 қазан күні күндіз ауа температурасының 5-10 градус жылылыққа дейін төмендеуі, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүруі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.