Оның қуанышына бұрынғы әйелі Ақбота Сейтмағамбет ортақтасып, жылы лебізін білдірді
Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді
парақшасынан алынды
3,462
оқылды

Актер Дәурен Айдарқұлов қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотоны өзінің Instagram парақшасында жария етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", - деп жазды Дәурен Айдарқұлов.

Актердің жазбасын көрген желі қолданушылары қуанышына ортақтасып, оған ақ тілектерін білдіріп жатыр. Оның қатарында бұрынғы әйелі Ақбота да бар.

"Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!", - деп пікір қалдырды актердің жазбасына Ақбота Сейтмағамбет.

Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұловтың бұл - үшінші некесі. Оның бірінші отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар. Өнер адамы актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан еді.