Сарапшылардың айтуынша, бұл қарыз алушыларға төмен пайыздық мөлшерлемемен баспана алуға мүмкіндік береді.
Жаңа ипотека түрі пайда болды: алғашқы жарна енді пәтер құнына есептелмейді
5,774
оқылды

Қазақстанда бастапқы жарна пәтердің құнына есептелмей, банктегі арнайы есепшотта сақталатын жаңа ипотека түрі енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сарапшылардың айтуынша, бұл қарыз алушыларға төмен пайыздық мөлшерлемемен баспана алуға мүмкіндік береді.

Мәселен, егер тұрғын 30 миллион теңгелік пәтер сатып алып, 10 миллион теңге алғашқы жарна енгізсе, несие 20 миллионға емес, толық 30 миллион теңгеге рәсімделеді. Бірақ пайыздық мөлшерлеме әдеттегі ипотекаға қарағанда төмен болады.

Қаржыгерлер бұл үлгіні жоғары пайыздардан сұранысы азайған классикалық ипотекаға балама деп отыр. Дегенмен жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары мұндай қарыздың тәуекелі бар екенін ескертеді. Себебі қарыз алушы төлемді тоқтатқан жағдайда пәтерді сату кезінде бастапқы жарнаның қайтарылуы әзірге түсініксіз.