Мұрат Нұртілеу Президент көмекшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын ол ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташе (1998 ж.) болып бастаған.

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі (1999-2003 жж.)

Қазақстан Республикасы СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы (2003-2004 жж.)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2004-2006 жж.)

Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы (2007 ж.)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары; Аппарат басшысы (2007-2011 жж.)

Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2011 ж.)

ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры (2011 ж.)

Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкілі (2011-2014 жж.)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2014-2016 жж.)

Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016-2019 жж.)

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (2019-2021 жж.)

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары (2021-2022 жж.)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2022 ж.)

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің басшысы (2022-2023 жж.)

Президент Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі (2023 ж. 3 сәуір)

Соңғы қызметі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі (2024 жылғы 6 ақпан).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.