Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте Volkswagen Golf пен Lada Granta көліктері соқтығысқан кезде болған.
Тағы да жол апаты: Ақмола облысында 11 жастағы қыз қаза тапты, 7 адам ауруханада
www.istockphoto.com
2,285
оқылды

Ақмола облысының Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 жастағы қыз көз жұмды. Тағы жеті адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте Volkswagen Golf пен Lada Granta көліктері соқтығысқан кезде болған.

«Жол апаты салдарынан Volkswagen Golf автокөлігіндегі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сол көліктің жүргізушісі мен тағы төрт жолаушы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция азаматтарға жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға және көліктің техникалық жағдайына мұқият қарауға шақырды.