Қазанның 26-сынан бастап «Алматы - Мәскеу» бағытында пойыз жүре бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Ол «Саратов» станциясына дейін жүреді, содан кейін «Дербент - Мәскеу» пойызына тіркеліп, Ресей астанасына дейін барады.
Пойыз әрбір екі күн сайын қатынайды, 72 сағат жүреді. Пойыз бір купе мен бір плацкарттан тұрады, билеттер сатылымға 45 күн бұрын шығарылады.
Осыдан 8 жыл бұрын Алматы мен Мәскеу арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.