Аяз болады: синоптиктер ескерту жасады

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазгидромет 21 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша,  Қазақстан аумағында 21 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман болып, жел күшейеді. Ал кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары болады.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең елдің кей аймақтарында тұман түседі.

Солтүстік және орталық өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты, жауын-шашынсыз болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде –1 °C дейін аяз болуы ықтимал.

Еліміздің шығыс, орталық және батыс аймақтарында күн салқындап, таңертеңгі уақытта ауа температурасы күрт төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.