Бас прокурор адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бірінші кезектегі міндет екенін еске салды.
Бас прокурор Берік Асылов алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
баспасөз орталығы
876
оқылды

Бас прокурор  Берік Асылов ҚСжАЕК-ның Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалғанын жеткізді,  деп хабарлайды Аikyn.kz.

Айтуынша, орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға көшкен. Мысалы, «е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды.

Жуырда дәл осы орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады. Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулылары» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі бар хаттарды таратып жатыр. Бұған өту қаражаттың ұрлануына және құрылғылардың зақымдалуына әкеледі. Алғашқы шабуылдар АҚШ пен РФ-да тіркелді. Сондықтан біз азаматтар мен мемлекеттік органдарды бар тәуекел жайлы хабардар етудеміз, деп жазды ол Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бас прокурор адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бірінші кезектегі міндет екенін еске салды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, прокуратура киберқылмыс қауіп-қатерлерін дер кезінде анықтап, алдын алу мақсатында цифрлық болжамды одан әрі жүзеге асырады. Бұл – қоғам алдындағы біздің жаңа жауапкершілігіміз,  деді Берік Асылов.