Бес күн бойы өзінше ем жасап, ыстық түсіретін дәрі бере берген.
Абай облысында әйел қонақ күтемін деп жүріп, бес айлық сәбиінен айырылды
Фото: istockphoto
682
оқылды

Абай облысында тұмаумен ауырған бес айлық қыз бала көз жұмды. Нәресте ауырып жатқанда анасы қонақ күтіп жүрген, – деп хабарлайды Aikyn.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Патологоанатом Жансая Советханның айтуынша, кішкентай қыз үйінде ыстығы көтеріліп ауырған. Анасы үйде қонақтар болғандықтан, баланы ауруханаға дер кезінде алып бармаған. Сондықтан бес күн бойы өзінше ем жасап, ыстық түсіретін дәрі бере берген. 

Алайда, бесінші күні нәрестенің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Сағат 16:30-да жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген бала бірден жансақтау бөліміне түседі. Өкінішке қарай, ол сағат 20:00-де көз жұмды.

«Соңғы клиникалық және менің патологоанатомиялық диагнозым – сепсис. Гистологиялық деректер бойынша, жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) белгілері бар», – деді дәрігер.