Қазгидромет 18 қыркүйекке ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Жел – солтүстік-батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с. Облыс бойынша, Шымкент пен Түркістанда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жаууы, дауыл болуы мүмкін. Батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай жарқылдайды, тұман түседі.
Қонаев қаласында екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел соғады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Облыстың батысы, солтүстігі және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Көкшетауда да түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында – жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысы мен Атырау қаласында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында өте жоғары өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.