Биыл съезге 60-қа жуық елден келген 100-ден астам делегация қатысып жатыр.
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды
529
оқылды

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.

Биыл съезге 60-қа жуық елден келген 100-ден астам делегация қатысып жатыр. Делегаттар қатарында дін жетекшілерімен бірге халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саясат және қоғам қайраткерлері бар.

Бүгінгі «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында өтіп жатқан форумда бейбітшілікті сақтау мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі діннің рөлі сияқты өзекті мәселелер талқыланады.