Сонымен қатар республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар.
"Үсік жүреді": 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
2,368
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандардың болжамына сәйкес, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар:

  • Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, орталығы және солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде;
  • Төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында.