Ағайынды боксшылар турнирдің чемпионы атанып, өз есімін әлемдік бокс тарихына жазды.
«Оларды тоқтататын біреу бар ма?»: ағайынды Сабырхандардың жеңісіне әлем көз салып отыр
1,054
оқылды

Әлеуметтік желідегі World Boxing Events парақшасы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында чемпион атанған Махмұд пен Төрехан Сабырхандардың жарқын жеңісіне қатысты жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ағайынды боксшылар турнирдің чемпионы атанып, өз есімін әлемдік бокс тарихына жазды.

"Тарихта есімдері алтын әріптермен жазылды! Қазақстан құрамасынан шыққан Махмұд пен Төрехан Сабырхандар әлем чемпионатын шайқап, жолындағы қарсыластарының бәрін күйрете жеңіп, алтын медаль иегері атанды. Махмұд 55 келіге дейінгі салмақта үстемдік етсе, Төрехан 70 келіде дараланып шықты. Екі бауыр, екі алтын, бір тегеурінді күш. Оларды тоқтата алатын біреу бар ма екен?" – делінген World Boxing Events жазбасында.