Әлішер Мұқажан Ақпарат комитетінің төрағасы болды

Әлішер Қуатұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Әлішер Мұқажан Ақпарат комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әлішер Қуатұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Тұран университетін бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы жеке құрылымдарда бастады.

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының аға сарапшысының міндетін атқарушы.

2017–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметінің сарапшысы.

2019–2023 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаментінің сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (кейіннен Мәдениет және ақпарат министрлігі) БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.