Құжатты 193 мүше елдің 142-сі қолдады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина мемлекетін құру туралы декларацияны қабылдады
1,351
оқылды

Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында Палестина мемлекетін құруды көздейтін декларация қабылданды. Reuters мәліметінше, құжатты 193 мүше елдің 142-сі қолдады.

Израильмен бірге Аргентина, Венгрия, Микронезия, Науру, Палау, Папуа-Жаңа Гвинея, Парагвай, Тонга және АҚШ қарсы дауыс берді. Тағы 12 мемлекет қалыс қалды.

Францияның БҰҰ-дағы өкілі Жером Боннафон декларацияны «екі мемлекет шешімін жүзеге асыруға арналған ортақ жол картасы» деп атады.

Құжатта келесідей міндеттері көрсетілген:

  • Газада дереу атысты тоқтату,

  • Бүкіл тұтқындарды босату,

  • Тәуелсіз әрі өміршең Палестина мемлекетін құру