Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Назым Қызайбай финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақ қызы (48 келі) әлем чемпионатының жартылай финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесті. Жұдырықтасу барысында Н. Қызайбай өзбек боксшысын әбден тығырыққа тіреді. Нәтижесінде ұлттық құрама көшбасшысы сенімді жекпе-жек өткізіп, ақтық сынға жолдама алды.