Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қосылатын «Орталық – Батыс» автожолы Астана – Егіндікөл – Бауманское – Сочинское – Шалғай – Шойындыкөл – Арқалық – Жалдама – Амангелді – Торғай – Ақшығанақ – Ырғыз бағытымен өтіп, еліміздің орталығы мен батысын тікелей байланыстыруға тиіс деп, Торғай жұртын қуантып тастаған еді.
Берік Бейсенғалиев, Мәжіліс депутаты: Президент тапсырмасы мүлтіксіз орындалуы керек
2,128
оқылды

Алайда «жолдың бағытын өзгертіп, оны Ұлытау арқылы бұрып әкетеді екен» деген ақпарат тарағалы бері өңір халқының көңілі алаң. Осы орайда біз «Президент тапсырмасы бойынша салынуға тиіс жолдың бағыты өзгеруі мүмкін бе?» деген сұрақ төңірегінде Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиевпен сұхбаттасқан едік.

– Жақында Президент халық­қа арнаған Жолдауында «Жалпы, Торғай аймағының әлеуметтік-эко­номикалық дамуы Үкіметтің ай­рықша назарында болуы керек» деп сүйінші жаңалық айтты. Бірақ өңір халқының жол салынады де­ген үмітінен гөрі, күдігі басым. Сіз­діңше, нақты бекітілген стра­тегиялық бағыттың өзгеруі мүмкін бе?

– Президент IV Ұлттық құ­рыл­тайда еліміздің дамуы үшін ст­ратегиялық маңызы бар жаңа бас­тамаларды жария еткені бар­шамызға белгілі. Солардың қа­тарында Торғай аймағының да­муы­на тың серпін беретін «Ас­­­та­­­на – Арқалық – Торғай – Ыр­ғыз» бағытымен автокөлік жо­лын салу туралы баса айтты. Ол жаңалықты Қостанай, Ақ­мола, Ақтөбе, Маңғыстау сияқты об­лыстардың халқы үлкен қуа­нышпен қабылдағаны рас. Өйт­кені ол жобаның іске асуы орта­лық және батыс өңірлерінің ара­сын 560 шақырымға қыс­қар­тып, өңірарлық байланыстарға жаңа серпін береді. Мемлекет бас­шысының айқындап берген ба­ғыты бойынша салынатын ав­то­көлік жолына, әсіресе Арқа­лық, Амангелді, Торғай өңірле­рі­нің тұрғындары үлкен үміт ар­тып отырғанын атап өту қажет. 

Себебі Торғай облысы жа­бы­лып қалғаннан кейін осы өңір Ас­тана мен облыс орталығынан жә­не республикалық автомобиль жол­дарынан шетте қалған. Арқа­лық­қа кез келген жақтан авто, не те­міржол көлігімен жету немесе ол жақтан келу үшін, әдетте бір күн­ге жуық уақыт кетеді. Әуе­қатынасы да үзіліп, өңірдің то­лыққанды әлеуметтік-эко­но­ми­калық қатынастарының да­муы­на едәуір кедергі болып отыр. 

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының білікті саясатының арқасында Тор­ғай өңірінің дамуына баса назар аударылуда. 8 қыр­қүйектегі Жолдауында да Торғай өңіріне ерек­ше тоқталып, Үкіметке бұл ай­­маққа айрықша назар аудару ке­­регін атап өтті. Бұл бастама тұ­­тас Торғай өңіріне дем беріп, ша­­ғын және орта бизнесті да­мы­туға, жұмыс орындарын ашуға, ин­вестициялар тартуға және ең бастысы халықтың үдере көшуін бә­сеңдетуге оң әсерін тигізері анық.

Енді Президенттің айқын­да­ған жол бағытының «Ұлытау об­лысы аумағына ауыстырылуы мүм­кін» деген ақпаратты мен әлеу­меттік желілерден көрдім. Бі­рақ ешқандай ресми құжат­тар­ды көрген емеспін. Кейін маған Ар­қалық, Торғай елді мекендері­нің көптеген тұрғыны хабар­ла­сып, өздерінің алаңдаушылық­та­рын білдірді.

– Дегенмен Көлік министр­лі­гі­нің Автомобиль жолдары ко­ми­тетінің бұйрығымен жұмыс тобы жа­сақталып, комиссия құрылып, Пре­зидент тапсырмасын, жолдың бағытын талқылап, жиын өткізіп жүргенін әлеуметтік желілерден көріп отырмыз. Жалпы, Ұлытау бағытына бұруға қандай да бір себеп бар ма?

– Өздеріңіз білетіндей, Пре­зи­­­денттің Ұлттық құрылтайда бер­ген тапсырмасынан кейін, Пре­мьер-Министр биыл мамыр айын­да Қостанай облысына жұ­мыс сапары барысында – бір ай ішінде «Орталық – Батыс» кү­ре­жолын жобасы бойынша жұ­мыс­ты бастап, оны жылдам әрі са­па­лы жүргізу керек» деп тапсырма бер­­ді. Бір айдан соң, яғни 14 мау­­сымда Қостанай облыс әкімі мен сол кездегі Көлік минист­рі­нің бірінші орынбасары құры­лыс­­тың басталғанын ресми түрде ха­лыққа хабарлады.

Алайда кейбір жауапты мем­ле­кеттік органдар Президенттің нақ­ты айтқан бағытын бұрмалап Ақ­мола, Ұлытау облыстарының ел­ді мекендеріне барып «Ор­та­лық – Батыс» автокөлік бағытын анықтау мақсатында қоғамдық тың­дау өткізіп, баламалы бағыт­тар ұсыныпты. Бұл қай сас­қан­дық? Ешқандай министрліктің, әсіресе министрлікке бағы­ныш­ты комиттетің, Президенттің ті­­­­келей тапсырмасын бұрмалауға құқығы жоқ. 

Президенттің тапсыр­ма­сын­да айдан анық көрсетілген бағыт – Ақмола, Қостанай, Ақтөбе об­­­­лыс­тары арқылы, жол «Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз­дан» өтуі керек және бұл тап­сыр­маны бұрмалауға да ешқандай себеп жоқ. 

Ал Ұлытау бағытына келер бол­сақ, бұл бағытта жол са­лын­уы­­на біздің еш қарсылы­ғы­мыз жоқ, бірақ бұл жол басқа инф­ра­құрылымдық жоба шеңберінде қа­ралып, Президенттің тікелей тап­сырмасы – «Орталық – Ба­тыс» автокөлік бағытына кедергі болмауы керек.

– Жалпы, Президент тапсыр­ма­сын өзгертуге және талқылауға заң немесе Конституция шең­бе­рін­де қандай да бір рұқсат берілген бе?

– Конституцияға сәйкес Қа­зақстан Республикасы – пре­зи­денттік басқару нысанындағы бір­тұтас мемлекет, ал Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті – мем­лекеттің басшысы, мемле­кет­тің ішкі және сыртқы сая­са­ты­­ның негізгі бағыттарын ай­­­­­­­­қын­дайтын, ел ішінде және ха­лықаралық қатынастарда Қа­зақстанның атынан өкілдік ете­тін ең жоғары лауазымды тұлға. Сон­дықтан халық сайлаған Мем­­­лекет басшысының тапсыр­ма­­­лары мүлтіксіз орындалуы қа­­­жет.

– Көлік вице-министрі Мақ­сат Қалиақпаровтың «Орталық – Батыс жолының техникалық құ­жат­тары экспертизада жатыр» деп айтқан бейнежазбасы әлеу­мет­­тік желілерде таралып жатыр. Өзі­ңіз айтқандай, 14 маусымда Қос­танай облысының әкімі Құмар Ақ­сақалов пен сол кездегі Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қатысып, Транскаспий ха­лық­ара­лық көлік дәлізіне шығатын «Ор­талық – Батыс» автожол құры­лы­сы­ның басталғанын жаһанға жа­рия­лаған болатын. Егер Мақ­сат Қалиақпаров айтқандай, Ор­талық – Батыс жолының тех­ни­ка­лық құжаттары экспертизада жат­қан болса, эскпертизадан құ­жаты шықпаған жол құрылысын бас­тауға бола ма?

– Заңнамаға сәйкес, кез кел­­ген жобаның, құрылыстың бас­талуы оның жобалау-сме­талық құ­­жаттарын дайын­дау­дан бас­та­лады. Онсыз еш­қандай құры­лыс бастал­майды. 

Ал «Орталық – Батыс» жо­ба­сының техни­калық, эко­но­ми­калық негізде­ме­сі мен жоба­лық сметалық құжаттамасы 2015 жы­лы дайындалған. Қа­зір ағым­­­­дағы бағалар бойын­­ша жаңарту жұ­мыстары жү­ріліп, жо­ба­лық-сме­талық құжаттары сарап­та­ма­дан өтуде. Не­гі­зінде, егер бас мер­дігер мен қар­жылан­дыру көз­дері ту­ралы шешім қабыл­дан­са, он­да дайындық  үшін ин­же­нер­­лік ізденістер жұ­мыс­­­тарын жүр­гізуге болады.Атап айтқанда, гео­­логия, гид­ро­ло­гия, топогра­фия, ау­мақты та­­­за­лау, құрылыс алаңын және уа­­­қытша инфра­құры­лымды ұйым­­­дастыру және тағы басқа де­­гендей.

Өткен аптада мен Көлік ми­нист­рі Н.Сауранбаев мырзамен кез­десіп, жобаның түйткілді мә­се­лелерін талқыладым. Көлік ми­­нистрі жобаның сараптамадан өтіп жатқанын, бастапқы ба­ғыт­тың өзгермейтінін, Мемлекет бас­­­шысының тапсырмасы мін­дет­ті түрде орындалатынын айт­ты.

Осы ретте, жауапты мемле­кет­тік органдар қажетті шешім­дер­ді дереу қабылдап, кешіктір­мей негізгі құрылысты бастайды деген үміттеміз.

– Берік Тұрсынбекұлы, бас­тап­­­қы бағыт өзгермейтіні туралы жаңалығыңызбен алаң жұртқа қуа­ныш­ты хабар айтып жатыр­сыз...

– Еліміздің инфрақұрылы­мы­ның жан-жақты дамығанын бә­ріміз қалаймыз. Үкімет та­ра­пы­нан жаңа жобалар бастаймыз де­ген бастамаларын үнемі қол­дай­мын. Жолдар салынып ел мен ел араласуы керек. «Жол мұ­ра­ты – жету» дейді халқымыз. Жол – күре­тамыр.

Иә, «Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағытымен ав­­токөлік салудың басты ар­тық­шы­лығы орталық және батыс өңір­лерінің арасын 560 шақы­рым­ға қысқартады. Бұл бағыт­тың басты стратегиялық маңызы сон­да жатыр ғой. Төте жолдың аты төте жол. Жоғарыда атап кет­­­­­кенімдей, оның өңірарлық бай­ланыстарға және бастысы соң­ғы жылдары шетте қалып қойып жүрген Торғай өңіріне жаңа сер­­пін берері сөзсіз. Кар­та­ны алып қарасақ та, соны көру­ге болады.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан

Тілекгүл ЕСӘДӘУЛЕТ