Польша әскери қызметкерлері болған жағдайды «агрессия әрекеті» деп атап, премьер-министр Дональд Туск шұғыл үкімет отырысын шақырды.
Польша алғаш рет өз аумағында ресейлік дрондарды атып түсірді
1,554
оқылды

Польшада 10 қыркүйекке қараған түні Ресей батыс Украинаға жаппай дрондармен шабуыл жасаған кезде, алғаш рет өз аумағында бірнеше ресейлік ұшқышсыз аппаратты атып түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Польша әскери қызметкерлері болған жағдайды «агрессия әрекеті» деп атап, премьер-министр Дональд Туск шұғыл үкімет отырысын шақырды.

Бұл – Ресейдің Украинаға толық көлемдегі басқыншылығынан бері алғаш рет НАТО авиациясы альянсқа мүше ел аумағында дрондарды жою үшін қолданылған жағдай. Дегенмен НАТО бұл оқиғаны шабуыл ретінде қарастырмайды.

Польша Қарулы күштерінің бас қолбасшылығының мәлімдеуінше, Ресейдің батыс Украинаға соққысы кезінде дрондар елдің әуе кеңістігін бірнеше рет бұзған.

Радарлар оннан астам нысанды тіркеген, олардың қауіп төндіруі мүмкін болғандары «залалсыздандырылды», – деді әскерилер.

Олар Польша әуе кеңістігінің бұзылуын «масштабы жағынан бұрын-соңды болмаған жағдай» деп атады.