Мәжілісте 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы осы жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, 2026 жылы республикалық қазынаға түсетін кіріс мөлшері 19,2 триллион теңге көлемінде болады деп жоспарланып отыр.
Бұл биылғы жылға қарағанда 4,7 триллион теңгеге көп.
Мемлекеттік кірістің артуы негізінен салықтан түскен түсімдер есебінен қамтамасыз етілмек.
– Салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер бюджетке қосымша 3,7 трлн теңге әкеледі деп болжанып отыр. Сондай-ақ экономиканың өсуінен 1,5 трлн теңге, өзге де факторлар есебінен шамамен 0,3 трлн теңге түсім күтіледі, – деді вице-министр.