"Қазгидромет" синоптиктері 11-13 қыркүйек аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еліміздің оңтүстік өңірінен басқа аймақтарда күн салқындап, жаңбыр жауады. 11 қыркүйекте солтүстікте, 11-12 қыркүйекте шығыста, 11-13 қыркүйекте республиканың орталығында қатты нөсер күтіледі, солтүстік пен шығыста бұршақ жауып, жел соғады.
Ел аумағында жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Сонымен қатар Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді:
- Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;
- Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, күндіз +8…+20°С;
- Солтүстікте түнде +1…+7°С, күндіз +8…+16°С;
- Орталықта түнде +1…+10°С, күндіз +10…+20°С;
- Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін жылынады;
- Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +23…+33°С-тан +25…+35°С-қа дейін ауытқиды;
- Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, күндіз +24…+32°С.
Бұған дейін "Қазгидромет" 11 қыркүйекте ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялағаны жөнінде жазған едік.