Ақтөбе облысы соңғы жылдары елдің экономикалық картасында серпінді дамып келе жатқан өңір ретінде ерекшеленіп отыр.
Инвестицияға тартымды, кәсіпке қолайлы өңір
2,924
оқылды

Бұған облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясында өңір әкімі Асхат Шахаров ұсынған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары айқын дәлел бола алады. Әкімнің мәліметінше, 2024 жылы облыс экономикасының өсімі 106,3%-ға жетіп, жоспарлы межеден де, республикалық орташа көрсеткіштен де жоғары болды. Мұндай нәтижеге өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және қоймалау сияқты негізгі салалардың тұрақты дамуы ықпал еткен.

Әкім атап өткендей, оң нәтижелер мем­­­­­­лекеттік құрылымдар, бизнес пен халықтың бірлескен еңбегінің жемісі болып отыр. Алдағы міндет – осы қарқыннан айырылмай, өңірдің дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеру. Тұрғын үй құрылысы мен инвестиция көлемінде аздаған кі­діріс болғанымен, жалпы даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Керісінше, 2025 жылдың алғашқы жеті айында да аймақ экономикалық өрлеуін жалғастыруда.

Статистикаға сүйенсек, биыл алғашқы жеті айының қорытындысынан да оң ди­на­мика көреміз. Атап айтар болсақ, өңірдің негізгі салалары биыл да оң нәтижеге қол жеткізген: өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 101,1%, ауыл шаруашылығы  1,9%-ға өскен. Құрылыс жұмыстарының кө­лемі 25,6%-ға артып, 176,7 млрд теңгеге жетті. Тұрғын үйді пайдалануға беру 436 мың шаршы метрді құрап, былтырғы жылдан 2,3%-ға жоғары болды. Көлік және қоймалау саласы – 11,2%-ға, көтерме және бөлшек сауда көлемі  4,6%-ға артқан. Әсіресе, құрылыс саласының 25%-дан ас­там, көлік және қоймалау саласының 11%-дан жоғары өсімі ерекше атап өтуге тұрарлық.

Сондай-ақ құрылыс саласы ерекше қар­қын көрсетіп, 25%-дан астам өсімге қол жет­кізді. Тұрғын үй құрылысы да артқан, ал көлік пен қоймалау саласы 11%-дан жо­ғары өсім көрсетіп отыр. Мұның бәрі Ақ­төбе облысының инвестицияға тартымды, кәсіпкерлікке қолайлы аймақ екенін біл­діреді.

«Біз өңір экономикасының тұрақты әрі жүйелі дамып келе жатқанын көріп отыр­мыз. Барлық оң нәтиже – мемлекет­тік басқару деңгейлерінің, бизнес пен ха­лық­тың белсенді еңбегінің жемісі. Алдымызда жаңа міндеттер тұр, біз оларды жүзеге асы­­ру үшін жобаларға басымдық беруді жал­­ғастырамыз. Бұл жобалар халықтың өмір сапасын жақсартуға, инфрақұры­лым­ды дамыту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған», – деп түйіндеді әкім.

Ақтөбе облысы баспасөз қызметі ұсын­ған дерекке сәйкес, былтыр өңір эко­но­микасына 901 млрд теңге инвестиция тар­тылған. Нәтижесінде, 800 жұ­мыс орны құры­лып, 400 млрд теңгеге жуық жеке инвестициялық жобалар іске асырылды. 

Ақтөбе өңірінің былтырғы даму қар­қынын айқын көрсеткен маңызды жо­ба­лардың бірі – «Ақтөбе мыс компаниясы­ның» «Авангард» кен орнын ашуы мен «АҚМЭЗ» майлы дақылдарды өңдеу қой­масының іске қосылуы болды. Бұл қа­дам­дар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығы өнім­дері­нің өңделуін тереңдетуге жол ашты.

Ал биыл алғашқы жеті айдың өзінде-ақ Ақтөбе облысына тартылған инвестиция кө­лемі 590 млрд теңгеге жетіп, өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 152,7%-ға өсті. Бұл – инвесторлардың өңір­ге деген сенімінің нақты көрінісі.

Инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін Үкіметтің арнайы қаулысымен Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай аумағында жалпы көлемі 858 гек­тарды құрайтын «Ақтөбе» арнайы эко­номикалық аймағы құрылды. Мұнда құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 40-тан астам ірі жоба жүзеге асырылмақ.

Сонымен бірг Хромтау қаласында рес­публикалық маңызы бар индустриалдық ай­мақ ашылды. Жалпы аумағы 150 гек­тарды қамтитын бұл аймақта шамамен мың­ға жуық жұмыс орны құрылып, 20-ға жуық инвестициялық жобаны іске асыру жос­парланып отыр.

Өңір дамуындағы маңызды мәселелер­дің бірі – басқа елдермен экономи­калық қа­рым-қатынас орнату. Осы мақсатта сәуір-мамыр айларында Қытай Ха­лық Респуб­ликасына іссапар ұйымдас­ты­рылды. Іс­са­пар нәтижесінде 5 ірі жоба­ны іске асы­­ру мақсатында, өңірімізге 1 млрд АҚШ долларынан астам  инвести­ция тарту ке­лісімдеріне қол қойылды. 

Бұдан бөлек, биыл 440 млрд теңгеге 1,8 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 

Бүгінде 3 жоба іске қосылды: MKR Plus компаниясының «Агрохимикаттар өн­діретін зауыты», «Строй-max» Алтын Орда ықшам ауданындағы «Бизнес-орталық», сондай-ақ «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қуаттылығы жылына 150 МВт құрайтын «Хромтау 1» жел электр стансасы. Қалған 7 жоба жыл соңына дейін аяқталатын бо­лады.

Кәмила ДҮЙСЕН