Биыл Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өткен АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына дейін жеткен еді.
Теннисші Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте жоғарылады
604
оқылды

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізіп, бірден 29-сатыға жоғарылап, қазір 25-орында тұр. Биыл ол жасөспірімдер арасында өткен АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына дейін жеткен еді.

Әмір Омарханов өз нәтижесін сақтап, 28-орында қалды. Ал Дамир Жалғасбай үздік 50 спортшының қатарына енуді мақсат етіп отыр. Ол 65-орынға көтерілді. Даниэль Тазабеков болса 122-орынға жайғасты.