Бар-жоғы үш жылдың ішінде Астана тұрғындарының саны 250 мың адамға артты, ал ресми 1,5 млн көрсеткішіне қарамастан, нақты жүктеме шамамен 2 миллион тұрғынға есептелген. Бұл мәселені біз мәслихат отырыстарында бірнеше рет көтергенбіз.
Бақылаусыз көші-қон жылу, су жүйесіне, көлік пен әлеуметтік салаға айтарлықтай салмақ түсіруде. Сонымен қатар көптеген өңірлер өз халқын жоғалтып, олардың бюджеті әрдайым тиімді жұмсалмай отыр.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі және шетелден келетін көші-қон ағындарын нақты бақылау үшін бірыңғай цифрлық есеп жүйесін енгізуді тапсырды. Сондай-ақ адамдар тек Астанаға көшуге мәжбүр болмас үшін баламалы даму орталықтарын құрудың маңызына назар аударды.
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Президенттің айтуынша, бүгінде елге инженерлер, құрылысшылар, аграршылар сияқты білікті мамандар қажет. Мемлекет адамдардың өңірлерде қалып, нақты секторда мансап құруына мүмкіндік беретін бағдарламаларды дамытатын болады.
Бұл қадамдар оңай емес, бірақ көші-қонды реттеу және елдің дамуын теңгерімді ету үшін аса қажет.
Табиғат ЗЕЙНҰЛҚАБДЕН, «AMANAT» партиясының мүшесі, Астана қалалық мәслихатының төрағасы