Экипаж ең жақын әуежайға шұғыл қонуға өтініш жасаған.
Ресей азаматтары мінген ұшақ Атырауға шұғыл қонды
2,210
оқылды

Бүгін Атырау әуежайы Azur Air ұшағын тосын жағдайда қабылдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Атырау әуежайына Екатеринбургтен Анталияға бағыт алған Azur Air әуе компаниясының ұшағы шұғыл қону жасады. Бортта 300-ден астам жолаушы болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, себеп – техникалық ақау. Экипаж ең жақын әуежайға шұғыл қонуға өтініш жасаған.

Қону сәтті өтті, зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Azur Air – Ресейдегі ірі чартерлік әуе компанияларының бірі.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы