Ертуған Зейнуллинов 65 келіге дейінгі салмақтың 1/16 финалында франциялық Уго Граумен күш сынасты.
Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ҰОК
1,532
оқылды

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ертуған 65 келіге дейінгі салмақтың 1/16 финалында франциялық Уго Граумен күш сынасты.

Отандасымыз үшін дебюттік кездесу оңай болған жоқ. Бірінші раундта франциялық боксшы басым түсті. Дегенмен  Ертуған Зейнуллинов екінші және үшінші раундта лайықты қарсылық танытып, жеңісті суырып алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.