Жаңа оқу жылының басты бір жаңалығы – «мектеп мәзірінің» енгізілуі болды.
Қысы-жазы, жей ме қазы?
7,494
оқылды

1 қыркүйектен бастап, мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енді. Оған сәйкес, білім ордаларында «фаст-фуд», тіпті самса сатуға тыйым салынды. Газдалған тәтті сусындарды бөтелкеленген су мен шырындар басты. 

Ал оқушыларға берілетін ыстық тамақ мейлінше аз тұздалуға тиіс. Алайда саламатты мәзір кәсіпкерлердің наразылығын туғызды. Оның алды Парламентке, прокуратураға, өзге билік құрылымдарына шағыммен жүгінген. 

Кәсіпкер неге шошынды?

«Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасына ұжымдық арыз жаз­ған әр өңірдегі мектеп ас­ха­на­ларын ұстайтын бизнесмендердің пайымдауынша, Денсаулық сақтау министрлігі биыл бекіткен жаңа мек­теп мәзірі санитарлық нор­ма­лар­ға сәйкес келмейді. Сонымен бір­ге экономикалық тұрғыдан орын­далуы қиын, себебі қымбатқа тү­седі. Мысалы, шығыс­қазақ­стан­дық кәсіпкерлердің арызында үл­гі­лік мәзірдің қазіргі заманғы ба­ла­лардың сұранысы мен тілегін ес­кермейтіні айтылған. Оның құ­рамына асқабақ езбесі, брокколи, ашы­тылған қырыққабат, құрма сияқты өнімдер қо­сылып отыр.

– Бұл тамақтарды қазіргінің ба­ласы жемейді. Бұрынғы жылдар тә­жірибесі көрсеткендей, мұндай ас желінбеген күйде табақпен кері қай­тарылады. Біз Денсауминінің көз­деп отырған ізгі мақсатын жақ­сы түсінеміз, ол жас ұрпақтың ра­­­­ционын әр алуан, саламатты ет­кі­сі ке­леді. Бірақ біздің де жағ­дайы­мыз­ды түсінсін! Биыл алғаш рет асхана та­мағының «жеуге жарамсыздық ин­дексі» (индекс несъедаемости) ұғы­мы енгізіліп отыр. Балалар жаңа мәзірмен ұсынғанымызды же­мей тастаса, осы көрсеткішіміз жап­пай құлдырайды, балалар аш қа­лады, ата-аналар жаппай ша­ғым­данады. Қаншама тамақ қо­қыс­қа тасталып, босқа ысырап бо­ла­ды, – дейді ШҚО кәсіп­кер­лері. 

Павлодар облысы Кәсіпкерлер па­латасына өңірдің тамақ жет­кізу­шілері де шағымданды. Олар мек­теп­тегі тамақтану саласында күр­де­лі жағдай қалыптасып жатыр деп жабырқады. Өңірдің білім бас­қармасы басшысының орын­ба­сары Әлия Әубәкірова облыстық денсаулық сақтау басқармасы биыл­ғы 24 шілдеде оқу жылының әр аптасына бөлек әзірленген перс­пективалық мәзірді бекітіп жібергенін хабарлады. Денсаулық сақтау басқармасындағылар оны Ден­саулық сақтау министрлігінен ал­ғанын және құрамын еш өзгерт­пе­генін алға тартты. Әр өңірге ДСМ 2 нұсқа жіберіпті, олар со­ның бірін таңдаған. 

Әйткенмен, барлық мәселенің ақ­шаға тіреліп тұрғаны байқалады. Бі­лім ұйымдарында балаларды те­гін ыстық тамақпен қамту  – жер­гі­лікті бюджет есебінен қар­ж­ы­лан­дырылады. Тиісінше, бөлінетін қар­жы көлемі өңірлік қазынаның мүмкіндіктеріне тәуелді. Мысалы, Шы­ғыс Қазақстан облысында 1 оқу­шыны тамақтандыруға 1 күнге 722 теңге бөлінген. Алайда биз­нес­тің есептеуінше, жаңа мәзірде тек қана азық-түлікті сатып алуға осы со­маның шамамен 85%-ы шығын­далмақ. 

– Қалған қаржы жұ­мыс­шы­лар­ға жалақы төлеуге, мектеп а­с­ха­на­сын жалдау ақысына, алым-са­лық­қа, коммуналдық тө­лем­дерге, жөн­­­­деу, жиһаздау, жаб­дықтау және бас­қа шығыстарға жетпейді. Кә­сіп­керлер қиын жағдайға тап бол­ды, бұл бұйрықты орындау мүмкін бол­май қалды. Бұл не банкрот қы­­­лады немесе азық-түліктен үнем­­­­­деуге соқтырады. Сапасыз өнім­­­дер сатып алынуы мүмкін, – деп ескертті асхана арендаторлары.

Сарапшылардың дерегінше, Пав­лодар облысында қазіргі кезде та­мақтандыруға – бастауыш сы­нып­­тың әр баласына 586 теңге ға­­на бөлінеді екен, ал жаңа мәзір­дің іс жүзіндегі құны әр шәкіртке шақ­­қанда күніне 900 теңгеден асып түсетін көрінеді. Нормативтік та­лап пен нақты қаржыландыру ара­­­сындағы мұндай алшақтық стан­­дартты жарға жығуы, тамақ­тан­дыру сапасына нұқсан келтіруі, сон­дай-ақ балалардың қауіп­сіз­дігіне зиянын тигізуі мүмкін екені мә­лімделді. Тәжірибеде шынымен со­лай болса, онда қаржылан­дыру­дың кемдігі кесірінен бұл мәзір «са­ламатты» бола алмайды. 

Ашыққанда жеген ас әдетке айналады

Бөлшек сауда және қоғамдық та­мақ­тандыру қауымдастығының вице-президенті Марина Лап­те­ваның айтуынша, министрлік бе­­кіт­­кен жаңа стандарт пен бірың­ғай мә­зірге сәйкес, оқушылардың күн­­­­­делікті рационына бұрын бол­ма­ған қазы қосылған тұздықты сор­­па, жылқы етінен дайындалған та­ғамдар, сүт өнімдері, жемістер, жент, бұршақ бұрышы, жаңғақ жә­не басқа да өнімдер ұсынылған. Са­рапшы әсіресе, жергілікті тұр­ғы­н­дарға етене жақын ұлттық та­ғам түрлерінің қосылуын оң қадам деп бағалады. 

– Бір жағынан, оқушылар та­ма­ғының сапасы арттырылыпты. Екін­ші жағынан, мұны жергілікті бюд­жет көтере алмайды, сал­да­ры­нан қаржыландыру сәйкесінше ұл­ғайт­ылмаған. Сондықтан біздің қауым­дастықтың технологы ДСМ ұсынған мәзір негізінде жаңа мәзір әзірледі. Онда етті, сүт өнімдерін, же­містерді беру жиілігі, сондай-ақ нәр­лілігі-калориясы, ақуыз, май жә­не көмірсулар нормалары сақ­тал­ған. Соның нәтижесінде, 1–4-сы­ныптардағы бір оқушының та­мақ­тану құны ҚҚС-сыз 688 теңгені құрар еді, – деді М.Лаптева.

Ол балалардың дұрыс та­мақ­тануына қол жеткізу үшін кә­сіп­кер­лердің мүдделері де ескерілуге тиіс­тігін еске салды: «Егер бизнес­ке орындалуы мүмкін емес міндет қойсаңыз, олар шамалы болса да та­быс табу үшін азық-түліктен үнем­дей бастайды. Жалақыны қыс­қарта алмайды, себебі мықты ас­паздар, еңбекқор персонал кетіп қа­лады немесе еңбек инспек­ция­сына шағымданады. Олай болса, бір­неше нұсқа қалады: не бұрынғы мәзірмен және ескі бағалармен жұмысты жалғастырамыз немесе оқу­шыларды жаңа мәзірмен та­мақ­тандырамыз, бірақ жаңа баға­ны бекітсін. Үшінші таңдау – бюд­жетте қаражат болмаса, мектепте те­гін тамақтандырудан мүлдем бас тарту қажет», – деді қауымдастық бас­шысының орынбасары.

Педагог Гүлнәр Мажитқызы мек­теп асханасындағы өзгерісті бай­қағанын жеткізді. «Гамбургер, дөнер сияқты фастфуд бізде бұрын да сатылмайтын. Енді чебурек, сам­са, пицца дегендерді де алып тас­тады. Тез қорытылатын кө­мір­сулар жойылды. Газды сусын, қант­ты су, шоколад та жоқ. Бала­лар қазы, құрма, брокколи және басқасын жемейді дегенге келсем, мектеп асханасында табақтар, тә­рел­келер негізінен бос қайтады. Үшін­ші сабақта оқушылардың іше­гі шұрқырап, қарны ашып оты­рады. Ашықса, бергеннің бәрін жейді. Жемеймін дейтіні бірте-бір­те үйренеді», – деді ұстаз.

Ол оқушыларды дұрыс тамақ­ты жеуге бала кезден үйретуді қол­дайды: «Тамақ ғадеті деген бар. Ба­лалық шақта не жесең, өскенде со­ған аңсарың ауып тұрады. Біз ба­ла кезімізден құйқа, ми, бауыр, ішек-қарынды жеп өстік. Кейде жең­сік астай соларды аңсап, жегі­міз кеп тұрады. Ал қазіргінің ба­ла­лары ішек-қарын, құйқа же десең жиір­кенеді. Немереме қоярда қой­май бір рет миды асатып едім, құ­сып қойды. Соған қарамастан, ұлттық тағамдарға бейімдеу тала­бым­­ды қойған жоқпын. Бәрін сабыр­мен, бірте-бірте жасау керек. Ең құрыса, мектепте жеміс-жидек жеп өссе, соның өзі дәреже», – дей­ді педагог.

Айтқандай, жаңа мәзірдің екі нұс­қасында палау, жент, ұлттық ірім­шік (құрамы неден тұратыны көр­сетілмеген), қазы сорпасы жә­не басқасы қарастырылыпты. Өз ке­зегінде жаздан бері түрлі инс­тан­цияларды адақтап, түрлі еңселі кең­сенің табалдырығын тоздырған кә­сіпкерлер мәзірдің қайта қара­луы­на қол жеткізетінге ұқсайды. Ал­ғашқы жетістігіне де жетті: мы­салы, жаңа мәзірдегі жоғары нор­ма­тивтік талап пен жете қарж­­ы­-лан­­­­­ды­рылмау арасындағы сәй­­­­­­­­­­кессіздіктер шешілуі үшін бір­­қатар өңірде 1 қыркүйектен бас­­тап, бұрынғы мәзір бойынша жұ­мысын жалғастыруға рұқсат еті­ліпті. 

Сапаның құлдырауына жол бере ме?

Денсаулық сақтау министр­лі­гінің Санитариялық-эпиде­мио­ло­гия­лық бақылау комитеті тамақ­тану стандартын бекіткенін рас­­тады. 

«Білім беру ұйымдарында та­мақ­танудың жаңа стандарты 2025 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілді. Онда балаларды қауіпсіз, сапалы және теңдестірілген тамақ рационымен қамтамасыз ететін дұрыс тамақтануға қойылатын за­манауи халықаралық талаптар ес­керілген. Тамақтану стан­дар­ты­ның басты артықшылығы – тұзды, қантты және майды тұтынуды азай­ту, көкөністер мен жемістерді тұ­тынуды арттыру, мәзірден таби­ғи емес тағамдарды, шұжық өнім­де­рін, ысталған етті, спредтерді, дәм мен иіс күшейткіші бар өнім­дер­ді алып тастау. Құрамында қан­ты бар сусындар мен шырындар газ­далмаған суға, сүтке, айранға, же­міс шайына, компотқа, қанты аз жеміс-жидек сусындарына, морс­қа алмастырылды», – деп ха­бар­лады комитет. 

Аталған комитет төрағасының орын­басары Роза Қожапованың айтуынша, жаңа Тамақтану стан­дар­тында сондай-ақ қант диабеті, та­мақ аллергиясы, целиакия ау­руы, лактоза жеткіліксіздігі және бас­қа аурулары бар, ерекше диета ұс­тауы қажет оқушыларды жеке та­мақтандыру бойынша талаптар бе­рілген. Сондай-ақ жеке ас блок­тары жоқ шағын жинақты мектеп­тер­де де бастауыш сынып оқушы­ла­рын тамақтандыруды ұйым­­­­­дас­тыруға қойылатын талап­тар көзделген. Оларда балаларға ланч-топтама таратылуға тиіс. Оның ішінде 4 ас – ыстық бутер­брод, йогурт, жемістер және сусын (сүт, айран немесе итмұрыннан, кеп­тірілген жемістерден, жидек­тер­ден жасалған сусын) болуы ке­рек. 

Мұның сыртында, тұңғыш рет «жеу­ге жарамсыздық индексі» (та­релкедегі қалдықтар) тұжырым­да­масы енгізілді. Бұл балалар ас іш­кеннен кейін табақтарда қалған тамақ қалдықтарының ұсынылған та­ғамдардың жалпы көлеміне қа­тынасын білдіреді. 

Жауапты ведомство ақша аз бө­лінді екен деп, мектеп асха­на­ла­ры­ның сапасыз азық-түлікті сатып алуына жол берілмейтініне сенім­ді. Денсаулық сақтау министрі Ақ­марал Әлназарованың мәлім­деуінше, санитариялық-эпиде­мио­логиялық қадағалау үшін биыл 312 мектеп асханасына тексеру жүргізілді. Анықталған кемшілік бойын­ша 117 адам 31 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жазаланды. 90 қызметкер жұмыстан шетте­тіл­ді, сотқа 8 материал жіберілді. 

Министр атап өткендей, Пре­зи­денттің тапсырмасына сәй­кес, Ден­саумині мемлекеттік ба­қы­­лау­ды күшейтудің жаңа тәсіл­дерін әзір­леп шықты. Оған сәйкес, мек­теп, асхана мен медпункті әр кезде жә­не жеке-жеке емес, бір мез­гілде тексерілмек. Апыл-ғұпыл дайын­далып, көзбояушылық жа­са­мауы үшін тексеру қарсаңында алдын ала хабарлау алып таста­ла­ды. Құжаттарының болуын қа­шық­тан бақылауға қоса, объек­ті­лерге бару арқылы мониторинг жүр­гізу де көзделген. Заңнамаға тиіс­ті түзетулер бүгінде Парламент қарауында жатыр.

– Тамақтану стандарты білім беру ұйымдарында 2025 жылдың 1 қыркүйегінен енгізіледі. Ол қантты тұтынуды 3,6 есеге, тұзды 5 есеге дейін азайтады. Сондай-ақ көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін тұтынуды арттырады. Стандартты жүзеге асыру аясында мектепте тамақтануға арналған үлгілік стандартты ас мәзірі бір­не­ше нұсқада әзірленді. Алғаш рет ыс­тық тағам әзірлеуге мүмкіндігі жоқ шағын жинақты мектептер үшін мәзір жасалды, – деді ми­нистр А.Әлназарова.

Ол мектеп оқушыларының та­мақтану стандартын енгізуді мек­теп­тегі медицина қызметкерлері қа­дағалайтынын жеткізді. 2 мың­нан астам осындай маман арнайы оқытылған көрінеді. Кәсіп­кер­лер­дің мұңына ден қойған ми­нистр әкімдерден мектепте тамақтануға қой­ылатын жоғары талаптарды ескеруді сұрапты. Білім беру объек­­тілерінде санитариялық-эпи­демиологиялық саламат­ты­лықты сақтауды Денсаулық сақтау ми­нистрлігі тұрақты бақылауға ал­ды.

Елдос СЕНБАЙ