Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Президент отандық мұнай-газ кешенінің алдында жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұрғанын жеткізді
498
оқылды

Бүгінгі өтіп жатқан салтанатты жиында Мемлекет басшысы бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Заманауи технологиялар мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу ісін оңтайландыруға ықпал ету қажет. Отандық мұнай-газ өнеркәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек. Сондықтан осы салаға таза және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Геологиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек. Бұған қоса, осы салаға білімді, жас кадрларды тартып, адам әлеуетін барынша арттыру қажет. Себебі жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бізге, ең алдымен, білікті мамандар керек. Білім бағдарламасын жетілдіріп, зерттеу орталықтарын дамытқан жөн. Осы міндеттерді сапалы орындасақ, Әділетті, Қуатты, Таза және Озық Қазақстанның қалыптасуына жол ашамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.