Екі кездесу де кешкі сессияда өтеді.
Әлем чемпионаты: алғашқы жарыс күні Қазақстаннан екі боксшы шаршы алаңға шығады
Фото: gov.kz
2,667
оқылды

4 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алғашқы күні Қазақстан құрамасының екі өкілі шаршы алаңға шығады.

ҚР ҰОК мәліметінше, әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Элина Базарова Нигина Уктамовамен өзара мықтыны анықтайды.

Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде Айзек Окомен (Ұлыбритания) кездеседі.

Екі кездесу де кешкі сессияда өтеді. Ол Астана уақытымен 22.00-де басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.