Аида Балаева мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны жөнінде жалған ақпарат таратпауға шақырды

Министр ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті екенін еске салды.

Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты жалған ақпарат таралуда. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті екенін еске салды.

– Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.

Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын, – деп жазды Балаева.