Павлодар облысының барлық өңірінде «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке дайындайық!» қайырымдылық акциясы өтті.
Әрбір бала сапалы білімге лайық
6,015
оқылды

Акция аясында 500-ден астам жетім бала, мүгедектігі бар балалар және өмірлік қиын жағдайға тап бол­ған отбасылардың балалары кө­мекке ие болды. Оқушыларға мек­теп сөмкелері, кеңсе тауарлары жиынтығы мен киімге арналған сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ балалар үшін ұтыссыз лотерея ұйымдастырылып, ешкім сыйлықсыз қалған жоқ.

Мектепке дайындық шарасы облыс орталығында ғана емес, ай­мақтың барлық ауданында өтті. 

Мә­с­лихат депутаттары мүмкіндігінше көбірек отбасын қамтып, балаларға сыйлықтарды өз қолымен табыстау үшін елді мекендерге барды.

– Балаларды және олардың отбасыларын қолдау – «AMANAT» партиясының игі әрі жарқын мақсаты. Бүгін депутаттар облыстың барлық өңірінде акция өткізіп жатыр, жалпы қамту екі мыңнан астам отбасына жетті, – деді Павлодар облыстық мәслихат төрағасы, партияның өңірлік филиалының төрағасы Илья Теренченко.

«Баланы мектепке дайындайық!» – бірреттік шара емес, жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға тең мүмкіндік жасауға және отбасыларды қолдауға бағытталған «AMANAT» партиясының жүйелі бастамасы. Акция аясында пар­тияның қолдауымен республикамыздың барлық өңірінде балаларды мектепке дайындау шарасы сәтті ұйымдастырылып, көптеген бала мектепке қажет құрал-жабдықпен қамтылды.

Облыстық мәслихат депутаты, акцияның бас демеушісі Гнел Акопян:

– Балаларға зор денсаулық пен оқуда табыс тілеймін. Біз алдағы уақытта да жыл сайын мектепке дайындыққа қолдау көрсе­теміз, – деді.