Чемпиондар лигасында «Қайрат» «Реалды» қабылдайды дегеннен бастап жанкүйерлерден ұйқы кеткен.
«Қайрат» пен «Реал» ойынына билет 400 мың теңгеден сатылып жатқаны рас па? (видео)
Фото: «Қайрат» футбол клубы
1,936
оқылды

«Қайрат» пен «Реал» ойынына кіру құны 400 мың теңгеден асады» деген ақпарат желіде желдей есіп, қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасында «Қайрат» «Реалды» қабылдайды дегеннен бастап жанкүйерлерден ұйқы кеткен. Барлығы «Матч билеттері қашан сатылымға шығады?» деп көз тігіп отыр. Алайда әлеуметтік желіде атой салғандар көбейіп келеді. Билет сатып алғандарын айтып, сүйіншілеп жатыр. Ал бағасы 400 мың теңгеден 3 миллионға баратынын айтады.

Алайда «Қайрат» пен Реал Мадрид» матчына билет бағасы әзірге бекітілмеген. Туризм және спорт министрі жұртты дүрлікпеуге шақырды.

«Халыққа түсіндіру керек, жан-жаққа сенбей, «Қайраттың» сайтынан қарап отыру керек. Біз де, министрліктен жариялап отырамыз. Әрине, арада билетті сатып алып, екі есе өсіретін мәселе бар. Мұны министрлікпен ойластырып жатырмыз»,  деді Ербол Мырзабосынов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.