Қытай оқушылары домбырамен танымал қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады (ВИДЕО)

Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.

Мемлекет басшысы Қытайға сапары аясында ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен бірге Мәдениет орталығын аралап, қазақша үйреніп, домбыра тартып жүрген балалармен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады.

«Құрметті Президент! Менің атым Лүй Цзышин. Он жастамын. Домбыраны үш жылдан бері үйреніп жүрмін. Алғаш рет домбыра үнін естігенімде қатты қызықтым. Содан анама: «Мен де домбыра үйренемін» дедім. Енді достарыммен бірге күй тартамыз. Сізге ұнайды деп ойлаймын», – деді қытайлық балақай Лүй Цзышин Президентпен кездесуде.

Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.