VIII шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ресми ашылды

2 қыркүйек күні Палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті.

VIII шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2 қыркүйек күні Палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті.

Іс-шараға Парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.