Жыл аяғына дейін қазақстандықтар арасында сұранысқа ие 7 мемлекеттік қызмет толықтай онлайн-форматқа көшіріледі.
7 мемлекеттік қызмет онлайнға көшіріледі
Фото: gov.kz
3,031
оқылды

Жақын арада үш қызметті цифрландыру жоспарланып отыр:

  • автосалондардан сатып алынған автокөліктерді бастапқы тіркеу;
  • азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  • жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын рәсімдеу.

2025 жылдың аяғына дейін бұларға тағы төрт қызмет қосылады:

  • жылжымайтын мүлікті тіркеу;
  • шетелдіктерге ЖСН алу;
  • еңбек мигранттарына рұқсат беру;
  • кадастрлық паспорттарды беру.

Аталған қызметтердің толықтай онлайн-форматқа көшірілуі және қағазбастылықтан бас тарту ХҚКО-ларға түсетін жүктемені екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.