Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек
Фото: Ақорда
429
оқылды

Бүгін  Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті,  деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

– Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның  бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіладамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.